тел/факс: + 7 (727) 277 65 91
Сүлейменова Алма Дулатовна

Сүлейменова Алма Дулатовна компанияның негізін қалаушы және оның құрылған сәтінен бастап компанияны басқарады.

2001 жылы Алматы қ. Кәсіби бухгалтер мне аудиторлар институтында аудиторларды кәсіби дайындау курсынан өтті. 2003 жылы ҚР аудиторларды аттестаттау жөніндегі білікті комиссия оған Қазақстан Республикасының аудиторы (000543) біліктігін берді Қазақстан Республикасының Аудиторлар палатасының мүшесі.

2004 жылы үш айлық дипломдық жеделдетілген АССА «МСФО бойынша қаражаттық есеп беруді дайындау» курсынан (Москва қ.) өтті.2006 жылдың шілдесінде Халықаралық қаражаттық есеп беру бойынша АССА дипломын (DipIFR) алды.

Еңбектегі қызметін 1987 жылы Қазақ Политехникалық Институтының инженер-жүйелік техник мамандығы бойынша аяқтағаннан кейін, Ядролық Физика Институтында инженер-программист болып бастады.

1991-ден 1999-шы жылдар аралығында қаражаттық-экономикалық салада жұмыс жасады, сонымен қатар АОЗТ «Алматинская Товарная биржа» ЖТАҚ , «Алматинский Торговый Дом» ЖТАҚ, СП ТОО «Генекс» ЖШС БК, KBS компаниялары тобының ( «KBS» ЖАҚ, басқару компаниясы мен бағалы қағаздар; «KBS Realty» ЖАҚ , коммерциялық жылжымайтын мүлік; «KBS Garant» ЖАҚ, сақтандыру компаниясы; «KBS Advisors» ЖАҚ, консалтингтік қызметтер) және т.б. бас бухгалтері және қаражаттар бойынша басшысы болды.

1997 жылы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының бағалы қағаздар нарығында жұмыс жасау үшін 1 және 3 категориядағы Біліктілік куәлігін алды.

1999жылы «ҚазТрансОйл» ЖАҚ орталық бухгалтериясы мен ішкі аудит қызметінде бас менеджері болып жұмыс жасады.

2002 жылы «ҚазМұнайГаз» ЖАҚ Ішкі бақылау және аудит департаментінің директорының орынбасары болып тағайындалды. Сонымен қатар «КазРосГаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Траснпетролеум» АҚ, «Халықаралық әуежай Атырау»АҚ, Авиакомпания «Евро-Азия Эйр» АҚ компанияларын тексеру комиссиясының төрағалық лауазымында , 1999 – 2003 жылдардағы СРП «Северо-Каспийский консорциум» ( «Қашаған» жерқойнаулары тобы) және басқалардың мұнай операциялары шоттарын тексеру жөніндегі Өкілетті органның ревизия тобының төрағасының орынбасары болып жұмыс жасады.

Сүлейменова А.Д. әртүрлі қызметтер:мұнай операциялары мен мұнайгаз сферасы, мұнай мен газды тасымалдау, құрылыс, өндірістік компаниялар, ЖАҚ, қызмет көрсетулер саласындағы күрделі және жауапкершілігі мол аудитке басшылық жасады.

Ішкі және сыртқы аудит, МСФО, КСБУ, корпоративтік құқық, салық салу, ISО стандарттары бойынша семинарларда жүйелітүрде оқудан өткен

2003 жылы SABIT «Мұнайфгаз компанияларын басқару» бағдарламасы бойынша АҚШ айлық тағылымдамадан өтті.

© Все права защищены и принадлежат аудиторской компании "СОЛОМОН"
Разработано студией Neolabs Web Solution